Британ әскерилері 11 мұсылман елінде құпия, арнайы операция жүргізген
Британ әскерилері 11 мұсылман елінде құпия, арнайы операция жүргізген
2 жыл бұрын 879 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британияның арнайы қызметі мен қарулы күштері соңғы 12 жыл ішінде 11 араб және мұсылман елінде құпия операция жүргізген. Бұл жайында islam.kz порталы осындай дерек келтірген The Guardian мәлімет көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Action on Armed Violence (AOAV) зерттеу ұйымының есебінде Ұлыбритания 2011 жылдан бері элиталық арнайы күштерін жіберген елдердің тізімі берілген. Мұндай арнайы операцияларға жаттығулар, арнайы агенттерді эвакуациялау, кепілге алынғандарды құтқару және жеке адамдарды қорғау шаралары кірді. Белгілі болғандай, британдық арнайы жасақтар Алжир, Ирак, Ливия, Оман, Сомали, Судан, Сирия, Йемен, Ауғанстан, Пәкістан және Малиге жіберілген. Аталмыш зерттеу ұйымының есебінде мұндай қауіпті миссиялар премьер-министрдің немесе қорғаныс хатшысының тікелей бұйрығымен орындалып, қатаң түрде құпияланғаны айтылған. Құқық қорғаушылар шет елдерде мұндай операциялардың Ұлыбритания парламентінің рұқсатынсыз жүзеге асырылып жатқанын алға тартып отыр. Құпия ұсталуына байланысты оларды қадағалау әрі мақсатын білу мүмкін болмаған. «Парламенттің мақұлдауының және миссия есептерінің болмауы бізді алаңдатады», - деді AOAV өкілдері.

0 пікір
Мұрағат