Брендті жылжымайтын мүлік бойынша әлем астанасына айналған қала аталды
Брендті жылжымайтын мүлік бойынша әлем астанасына айналған қала аталды
2 сағат бұрын 50 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дубай жылжымайтын мүлік брендібойынша әлемдік астанасы мәртебесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Khaleej Times ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Savills консалтингтік компаниясының сарапшылары ауқатты сатып алушылар тарапынан Дубайдың жылжымайтын мүліктеріне сұраныс жоғары екенін алға тартып отыр. Сарапшылардың дерегіне қарағанда, әлемдегі брендті тұрғын үй жобаларының жалпы саны 2025 жылдың соңына таман 910-қа жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19% -ға көп. Тек 2025 жылдың өзінде жаһандық портфолиоға 220-дан астам жаңа жоба қосылған. Таяу Шығыс аймағы мен Солтүстік Африка өңірі соңғы бес жылда әлемдегі ең жоғары өсу қарқынының бірі - 187%-ды көрсетті. Бұл көрсеткішке Дубай елеулі үлес қосты, онда 2025 жылдың соңына қарай 64 брендті резиденция жобасы аяқталды, тағы 87-сі құрылыстың түрлі кезеңдерінде болды. Savills мәліметінше, рейтингте Дубайдан кейін Оңтүстік Флорида тұр, онда 48 жоба аяқталды және тағы 55 жоба әзірленуде. Savills Global Residential Consultancy Branded Residences 2025/2026 есебіне сәйкес Дубай брендті тұрғын үй нысандарының саны бойынша әлемде бірінші орынды иеленді. Алғашқы ондыққа, сондай-ақ, Майами, Нью-Йорк, Сан-Паулу, Лондон, Каир, Стамбұл, Бангкок, Форт-Лодердейл, Пхукет және Мехико мегаполистері кірген. Сарапшылардың атап өтуінше, инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде негізгі факторлар салық шарттары мен капитал қауіпсіздігі болып қала береді. Дубай қолайлы фискалдық ортасы және жоғары инвестициялық сенімділігі бар қаланың беделін қалыптастырды. 

0 пікір
Мұрағат