|
Брендтерді лицензиялаудың жаһандық нарығы 2030 жылы 470 млрд доллардан асады
|
Бренд лицензиясы не үшін керек? Компаниялар өз өнімін жаңа нарықтарға шығаруы үшін керек. Бұл жайында islam.kz порталы Retail Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Брендтерді лицензиялаудың әлемдік нарығы 2023 жылы 337,6 млрд долларға бағаланды және болжам бойынша 2024 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңде орта есеппен 4,3% -ға ұлғайып, 2030 жылға қарай 470,6 млрд долларға жетеді.Лицензиялау процедурасы компанияларға жаңа нарықтарды игеріп, өндірісін арттыруға, қосымша табыс табуға көмектеседі. Опа-далаптан бастап киім-кешекке дейін брендке айналдыру тұтынушылар тарапынан сұранысты ұлғайтады. Тіпті, аспаздарға дейін өздерінің әзірлеген ас-ауқатына дейін немесе өзінің мейрамханасын брендке айналдыруға күш салады. Ойыншық, логотип, түрлі тұрмыстық бұйымдар мен құралдар нарықта танымалдылығын арттыру үшін тек жарнаманың жеткіліксіз екенін түсінеді, келесі қадам жасайды – өнімін брнедке айналдыру үшін бәсекелестікте озық шығудың барлық іс-шарасы қарастырылады. Соның ішінде өнімнің сапасын көтеруден бастап, маркетингтік науқандарға дейін. Брендке айналдыру науқанына интерактивті медиа, танымал тұлғалар, т.б. атсалысады. Бұл тарапта Amazon сияқты онлайн платформалар сапаны бақылау және брендті қорғау құралдары арқылы брендтерді лицензиялауды оңтайландырады. Электронды коммерция микролициялауды жүзеге асыруға және сатудың жеделдігін арттыра отырып, шектеулі таралымдарды шығаруға мүмкіндік береді.