Боянған, сырға таққан ерлерді теледидардан көрсетуге тыйым салынды
Боянған, сырға таққан ерлерді теледидардан көрсетуге тыйым салынды
3 жыл бұрын 4449 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Қытай билігі теледидардан боянған, сырға таққан ерлерді көрсетуге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өйткені, боянған ер адам аталған елдің дәстүрлі құндылықтарына, танымы мен талғамына, дәлірегі, елдің ер-азаматтарға қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан түсінігіне қайшы келеді. Ал бұл жайт өз кезегінде қоғамның ішінде өзара қайшылық пен мемлекет негізін қалап отырған отбасы секілді институттардың іргетасын шайқап, маңызын кемітеді. Яғни, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін тенденция ретінде қарастырып отыр. Аталмыш тыйымға байланысты телеарналар ендігі жерде елдің моралдық құндылықтарынан ауытқымайтын сұлулық стандартын қалыптастуы тиіс. 

Ұқсас материал:

«Әйел тәрізді» ерлерді телеэкраннан көрсетуге тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aiel-tarizdi-erlerdi-teleekrannan-korsetuge-tyiym-salyndy-15695/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат