Босқындарды қабылдау жағынын Түркиядан кейінгі (екінші) орында тұрған ел белгілі болды
Босқындарды қабылдау жағынын Түркиядан кейінгі (екінші) орында тұрған ел белгілі болды
1 жыл бұрын 927 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

3,4 млн босқын қабылдаған Иран бұл тарапта Түркиядан кейінгі орынға жайғасқан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы келтірген дерекке жөн сілтеген mehr.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мешхадтегі БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі басқарма жетекшісі Маһа Қашыр «Иран - шетелдік азаматтарды өзінің ұлттық денсаулық сақтау жоспарына енгізіп, оларға Иран азаматы секілді қарайтын әлемдегі санаулы елдердің бірі», - деп мәлімдеді. Осылай деген ол Иранның білім беру жүйесінде қазіргі уақытта ирандық студенттермен қатар 800 мың шетелдік азаматтың білім алып жатқанын де тілге тиек етті. Сөзінің соңында ол өткен жылы күллі әлем бойынша босқындар қарасы 10 млн адамнан асып кеткенін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат