|
Босқындарды қабылдамаған елдерге санкция салына бастады
|
Еурокомиссия өзінің ресми сайтында Еуроодақ аумағындағы босқындарды бөліп алудан бас тартып отырған бірқатар елге, атап айтқанда, Чехияға, Польшаға және Венгрияға қатысты санкциялық режимді енгізумен байланысты процедураны бастағандарын хабарлады. Сәл шегініс, кезінде кәрі құрлыққа ағылған босқындарды ЕО-ға мүше елдерге қабылдауды міндеттейтін құжат бекітілген болатын. Аталған құжат аясында әр елдің әлеуметтік-экономикалық шамасы ескеріле отырып, босқындардың белгілі бір тобын қабылдауға міндеттейтін квота белгіленген еді. Алайда, ЕО-ға мүше елдердің кейібіреуі бұл талапты орындаудан бас тартып отыр. Түрлі себептермен. Десе де Еурокомиссия аталған мемлекеттерге нақты қандай шара қолданатынын жазбапты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)