Босқындар есебінен ер-азаматтардың саны артып кеткен
|
Швецияда 1979 жылдан бері алғаш рет бөріктілер саны ақ жаулықтылар қарасынан артып кеткен. Сөз реті келгенде айта кету керек, мұндай үрдіс әдетте батыс елдеріне тән болудан қалған еді. Постиндустриялық кезеңге аяқ басқан кезеңнен бері. «The Daily Mail» мерзімді басылымының мәліметіне қарағанда, 2015 жылдың наурыз айында әйелдер саны ерлерден басым түскен. Сол кезде әйелдер санына шаққанда ер-азаматтардың қарасы 277 адамға көп болған. Қазіргі уақытта еркеклер 12 мың адамға артқан. Швецияда ерлер қатарында 5-19 жас аралығындағы ұл балалардың көбейгені байқалып отыр: 100 қызға 108 ұл баладан келеді екен. Өткен жылы Швецияға жасөспірім жастағы 35 мың мигрант барған. Жалпы Еуропқұрлығы бойынша орташа алғанда 105 жаңа туған ұл балаға шамамен 100 қыздан келеді. Сарапшылар мен демографтар бұл үрдісті батыс елдеріндегі ер-азаматтардың өмір сүру жасының ұзарып, әйелдердікімен теңескенімен және соғыс өрті шарпыған Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігінен босқындардың келуімен байланыстырып отыр.