Болашақтың пойызы сынақтан сәтті өтті (видео)
Болашақтың пойызы сынақтан сәтті өтті (видео)
9 ай бұрын 1001 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Италияның IronLev компаниясы магниттік левитация (маглев) пойызын қолданыстағы теміржолда сынақтан өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған технологияның пайда болғанына бірнеше жыл өткен еді, дес де айрықша көлікті пайдалану үшін бұрыннан бар жолдарды өзгертуге тура келді. Пойыз Венецияда LetExpo 2024 технологиялық көрмесі аясында сынақтан өтті. Сынақ бір тонналық прототипті қамтыды, оның сынағына Венеция аймағының президенті Лука Заяның өзі қатысты. Магниттік левитация пойызы сағатына 70 шақырым жылдамдықпен екі шақырым жол жүрді. Көлік электромагниттік өрістің көмегімен қозғалды. Технология қозғалыс кезінде үйкелісті азайтады, бұл жайт энергияны тұтынуды да, пойыз бен релстерді күтіп ұстау құнын да төмендетеді. Аталмыш компания бұл жетістікпен шектеліп қалай, алдағы уақытта салмағы 20 тоннаға дейін жететін, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен қозғалуы тиіс көлікті сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Магниттік пойыздың жолаушылар мен жүкті қашан тасымалдауға көшетіні айтылмаған. Магникттік пойыз алғаш рет өткен ғасырдың 80-ші жылдары пайда болды. Англияда адамдарды коммерциялық тасымалдау үшін қолданыла бастады. Жолаушыларға жергілікті әуежай мен вокзал арасында қатынауға мүмкіндік беретін бірінші маглев жүйесі Бирмингемде енгізілді. Мұндай пойыздар жүздеген шақырым жылдамдықпен қозғалатын меежені бағындырған еді. Ең жылдам коммерциялық желі Шанхайда, онда Маглев сағатына 431 шақырым жылдамдықпен қозғалады.

0 пікір
Мұрағат