Болашақта адамдардың өмір сүру ұзақтығы 20 жылға қысқарады
Болашақта адамдардың өмір сүру ұзақтығы 20 жылға қысқарады
10 жыл бұрын 4721 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сарапшылардың айтуынша, бұған ең алдымен ауру тудыратын микроағзалардың мутациялануына байланысты адамдардың өмір сүру ұзақтығы күрт қысқаратын болады. Яғни, алдағы жақын уақытта адамдардың өмір сүру ұзақтығы 20 жылға қысқаратын көрінеді. Ресей Федерациясының Приогов атындағы ұлттық медицина университетінің ғалымдары мәлімдегендей, бұған бактериялардың антибиотиктерге бейімделу деңгейінің төмендеуі себеп болады. Қазіргі уақытта, мәселен, Еуропа елдеріндегі өмір сүру ұзақтығы ары кеткенде 85 жасты құрайды. Оның өзінде олардың осынша жасты артқа тастауына ауру тудыратын микроағзалардың белсенділігін басатын антибиотиктер көмектесетін көрінеді. Алайда, микробтардың мутациялануы артып, дәрі-дәрмектерге бой бермей бара жатқаны анықталған. Ал медицина саласында соңғы жиырма жылдың ішінде бар-жоғы антибиотиктің тек екі түрі ғана пайда болған. Бұған қоса, төзімді келетін микроағзалар әлемдегі көлік жүйесінің , қатынас құралының дамуынан және туризм индустриясының қарқын алуынан тез таралуда. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, антибиотиктерді ойлап тапқанша адамдар негізінен ары кеткенде 30 жастан артық өмір сүре алмайды. Бүгінгі таңда адамзат «антибиотикке дейінгі дәуірде» өмір сүріп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы mr7.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат