|
Болашақ жары үшін арықтады
|
Ұлыбританияның 52 жастағы тұрғыны, бұрынғы пошташы Пол Мейсон (Paul Mason) АҚШ-тағы бір әйелмен ғаламтор арқылы танысқаннан кейін 305 келі салмақ тастаған. Яғни, болашақ жары үшін арықтаған.
The Daily Express ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Пол Мейсон мен АҚШ-тың Массачусет штатының 40 жастағы Ребекки Маунтин (Rebecca Mountain) есімді тұрғынымен Facebook әлеуметтік желісі арқылы танысқан. Басынан бастасақ, Пол Мейсон туралы деректі фильмді көрген әйел оған жаны ашып, өздігінен жүріп-тұра алмайтын, семіздіктен зардап шегетін Ұлыбритания азаматына қолғабыс еткісі келеді. Skype арқылы алғаш тілдескенде екеуінің арасындағы әңгіме 4,5 сағатқа созылған екен. Бірте-бірте екеуінің арасында бір-біріне деген сүйіспеншілік пайда болған. Пол Мейсонның айтуынша, Реббекимен таныспай тұрғанда салмағы 445 келі болған екен. Қазіргі уақытта Пол Мейсонмен ғаламтор арқылы тілдескенімен әлі жүздеспеген Ребекки Ұлыбританияға аттануға тас-түйін дайын отыр. Екеуі некелесіп, қалған өмірін Пол Мейсонмен бірге өткізуге бел байлаған әйел өз бақытын осылайша тапты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...