Болашақ имамдары әскери дайындықтан өтеді
|
Бейжің мегаполисіндегі ислами дінтану семинариясының имамдық бойынша білім алып жатқан шәкірттері қыркүйек айының 2-9 күндері аралығында Қытай билігінің пәрменімен әскери дайындықтан өтті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bitter Winter ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған оқу ордасы жетекшісінің орынбасары әрі Қытай ислам қауымдастығының вице-президенті Му Кефа болашақ имамдарының алдына шығып сөйлеген сөзінде бұл шара дін қызметкерлерін тек тәртіп пен сабырлы болуға жаттықтырып қоймай, сонымен қатар, коммунизм идеясына адал болып, паториоттық тәрбие беретінін мәлімдеді. Дайындық барысында болашақ имамдар сарбаз киімін киіп, Қытай туын тігіп, бірқатар әскери тапсырмалар мен жаттығуларды орындады.