Бойдақтар қалыңдықтарға қарсы наразылық акциясын өткізді (видео)
Бойдақтар қалыңдықтарға қарсы наразылық акциясын өткізді (видео)
9 жыл бұрын 3761

Түркияның оңтүстігінде орын тепкен Үзімлі елді-мекенінің бойдақ жігіттері өздеріне тұрмысқа шығуға келісімін бермеген қалыңдықтарға қарсы наразылық акциясын өткізді. Нақтырақ айтқанда, ауылдық жердегі жерлестерін менсінбеген қалыңдықтар қалаларға кетуді жөн көруі себепті өздеріне көңіл білдірген жігіттердің үйлену турасындағы ұсыныстарынан бас тартқан. Бұл жайында «ansar.ru» порталы «Al Arabiya» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Нәтижесінде бойдақтар өздеріне жар болатын қалыңдық талап етіп, көшеге шығуға мәжбүр болды. Бойдақ жігіттердің біреуі, тіпті, ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға қалыңдық табылса, бес бала таптыратынын айтып, уәде берді. Сөз реті келгенде айта кетейік, ел президенті демографиялық ахуалды жақсарта түсу үшін тұрғындардан үш балаға дейін жеткізуді сұрап, үндеу тастаған болатын. Аталған елді-мекеннің әкімі Мұстафа Башбилан акция өткізген бойдақтарға қолдау білдірді. Оның айтуынша, 233 тұрғыны бар ауылда жастары 25-45 аралығындағы 25 бойдақ жігіттерге қалыңдық табылмай тұр. Сондай-ақ, ол жұмыссыздық мәселесінің жоқ екенін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат