Бодандықтан бостандыққа ұмтылыстың әлсіз ұшқыны
Бодандықтан бостандыққа ұмтылыстың әлсіз ұшқыны
6 жыл бұрын 3042 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сібірді мекендеген татар, башқұрт секілді түркі халықтарының бірі - сахалар орыс ортаршылдығының зардабын қатты тартып отыр. Салыстырмалы түрде алғанда: өзімен тағдарлас татар, башқұртқа қарағанда тілі жоғалуға, мәдени құндылықтары ұмытылуға айналған халық. Бұған ең алдымен Саха аумағындағы өткен ғасырдың орта шенінде, яғни, 1950-ші жылдары табылған, әлем бойынша қорының молдығы жағынан екінші орында тұрған алмас кен орны себеп. Саха аумағының үштен бірін құрап жатыр алмас кені. Бұдан бөлек, аталған ел аумағында мың жарымнан аса пайдалы қазба кені анықталған болатын. Орталық бұл байлықты теспей соруда. Құндыздың терісі өзіне жау. Сахалар барынша отарлауға ұшырауының ең басты себебі осында жатыр. Десе де таяуда «Айыы Кыhата» мектебінің орыстілді балаларды қабылдаудан бас тартқаны турасындағы хабарды көзіміз шалып қалды. News.Ykt.Ru ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, жергілікті мектептердің бірі жабылуына байланысты ондағы орыстілді балаларды саха тілінде білім беретін әрі жеткіншектерді ұлттық негізде тәрбиелейтін мектепке ауыстырмақ болған. Әлбетте, орыстілді балалардың ата-аналардың талабы бойынша бұл мектеп орысша білім беруі тиіс. Десе де аталмыш білім беру ошағының басшылығы орыстілді оқушыларды қабылдаудан бас тартқан еді. «Айыы Кыhата» ұлттық негізде әрі сахалардың ана тілінде тәрбие беретін бірден-бір жергілікті жалғыз мектеп болғандықтан. 

ÐаÑÑе ÐаÑлеÑова ÑÑÑеÑÑ.

Cахадағы Мирный кентіндегі алмас кені

0 пікір
Мұрағат