Блокчейн халықаралық сауда-саттықта сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықты жоя ала ма
Блокчейн халықаралық сауда-саттықта сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықты жоя ала ма
6 жыл бұрын 7033 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуда жүргізілген арнайы зерттеу нәтижесіне қарағанда, блокчейн дамушы нарықтардағы шағын және орта бизнестің қаржыға қол жеткізуін оңайлату арқылы халықаралық сауда-саттық саласындағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашылықты едәуір жоя алатын көрінеді. Бұл жайында CoinDesk ақпарат көзі хабар таратты. Бүкіл әлемдік экономикалық форум мен Bain & Company компаниясы бірігіп жүргізген зерттеу нәтижесінен байқалғандай, халықаралық сауда-саттық саласында блокчейн технологиясы қолданылған жағдайда қосымша 1 трлн доллар үнемделеді екен. Ал Азия даму банкінің есебінше, қазіргі уақытта халықаралық сауда-саттық саласындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылық 1,5 трлн долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай 2,4 трлн долларға жетпек. Аталған бағытта зерттеу жүргізгендердің айтуынша, бұл проблема ең алдымен өз бизнесін ұлғайтқысы келетін орта және шағын кәсіпорындарға қажетті қаражатқа қол жеткізудің қиындығынан орын алып отыр. Бұл олқылықтың орнын блокчейн технологиясы толтыра алады әрі бизнестің ашықтығын қамтамасыз етеді. "Блокчейн технологиясы несие берудегі тәуекелді (яғни, қайтпай қалу қатерін) төмендетеді, сауда-саттықтағы кедергілерді жояды",-деп толықтырылған аталған технологияның пайдасына. Бұдан бөлек, блокчейн технологиясы негізіндегі сауда-қаржы жүйесі ең алдымен Азия экономикасына тиімді әрі пайдалы. Өйткені, халықаралық сауда-саттық саласында орын алып отырған сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықтың 7%-ы (105 млрд доллар) Азия экономикасына тиесілі. Қытай мен Гонконг блочейн технологиясын қолдануға көшкен елдер - өзара сауда-қаржы жүйесінде. 

0 пікір
Мұрағат