Биылғы туристік саяхаттау сапарының саны 10 млрд-тан асады
Биылғы туристік саяхаттау сапарының саны 10 млрд-тан асады
2 жыл бұрын 1291 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биыл күллі әлем бойынша туристік саяхаттау сапарының саны 10,78 млрд-қа жетпек. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 74,4 пайызға жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде 2023 жылғы әлемдік туристік экономикадағы тенденциялар туралы баяндамасында келтірілген деректерге жөн сілтеген қытайдың Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының туризмді зерттеу орталығы мен дүниежүзілік туристік қалалар федерациясы бірлесіп жариялаған есептегі мәлімет бойынша биыл әлем бойынша туризмнен түсетін табыс 5 триллион АҚШ долларына жетеді, бұл көрсеткіш 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 86,2 пайызды құрайды. Аталмыш баяндамада, сондай-ақ, өткен жылы -  2022 жылы әлем бойынша туристік саяхаттау сапарының саны 9,57 миллиардты құрап, жалпы туризмнен түскен кіріс 4,6 триллион АҚШ долларына жеткені айтылған. Туризмді зерттеу орталығының директоры Сонг Руи: «Әлемдік туризм экономикасы бірте-бірте қалпына келеді, ал жаһандық туризм индустриясының болашағы жарқын», - деп атап өтті. «Алайда, біз туризмнің жандануы жаһандық макроэкономиканың дамуымен байланысты екенін және жаһандық экономикадағы белгісіздік туризм индустриясының болашағына әсер ете беретінін де есте сақтауымыз керек», - деді артынша. 

 

0 пікір
Мұрағат