|
Биылғы Рамазан айында мұсылман елі аналар мен балаларды тегін тамақтандырады
|
Индонезияның тамақтандыру жөніндегі ұлттық агенттігі (BGN) мектеп каникулы мен қасиетті Рамазан айында аяғы ауыр әйелдер мен дамуында кінәрат бар балаларға айрықша көңіл бөліп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Islamic Information ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы осынау мұсылман елінің тегін тамақтандыру бағдарламасы (MBG) қасиетті айда емізулі баласы бар әйелдерге де қарасады. Аталған мемлекет басшысы Прабоуо Субиантоның өзі мұрындық болған MBG бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап аясын кеңейтіп келеді. 2025 жылдың соңына таман мұндай жәрдемді алушылар саны шамамен 55,1 миллионға жетті. Үкіметтің мақсаты - 82,9 миллион адамды қамту. Hindayana дерек көзі 2025 жылы шамамен 700 000 адам бүкіл архипелаг бойынша 20 000 қоғамдық асханада (SPPG) тікелей жұмыспен қамтылғанын, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен жеткізу тізбектерінде қосымша жұмыс орындары ашылғанын хабарлады.