Биылғы бәсекеге ең қабілетті бес ел аталды, Қазақстан нешінші орында
Биылғы бәсекеге ең қабілетті бес ел аталды, Қазақстан нешінші орында
2 жыл бұрын 1170 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі 300-дан аса, дәлірегі, 333 өлшем (соның ішінде бизнеске жағдай жасау мен инфрақұрылым тиімділігі) негізіндегі талдау мен сараптамаға байланысты бағаланды. Бұл жайында islam.kz порталы ceda.com.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық менеджменттік даму институты (International Institute for Management Development, IMD) мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің биылғы рейтингісін түзді, дәлірегі, жыл сайын жүргізілетін бұл тараптағы рейтингті жаңартқан. IMD дерегі бойынша Дания бұрынғыша көш бастап, өз орнын сақтап қалған. Ал екінші орыннан Ирландия көрінген – бір жыл ішінде бұл рейтингте 11 орын алға жылжып, жоғары экономикалық көрсеткішке қол жеткізген. Алғашқы үштікті Швейцария аяқтаған – өткен жылғы позициясына қарағанда бір орын кейін шегінген. Төртінші орынға Сингапур жайғасқан, бесінші орынға Нидерланды табан тіреген. Аталмыш рейтингте Қазақстан 37-ші орынға иек артқан, былтырғы көрсеткіші – 43.

0 пікір
Мұрағат