Биылғы аштық индексі жарияланды. Қазақстан нешінші орында?
Биылғы аштық индексі жарияланды. Қазақстан нешінші орында?
1 жыл бұрын 2024 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биылғы жаһандық аштық индексіне 121 мемлекет қамтылды. Бұл ақпарат Global Hunger Index-тің ресми сайтында келтірілген. Бұл жайында islam.kz порталы kun.kz дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш түзілімде немесе тізімде тоқтың деңгейі бойынша Беларус, Босния,  Герцеговина және Чили елдері көш бастаса, ең төменгі деңгейден Мадагаскар, Орталық Африка республикасы және Йемен көрінген. Бұл көрсеткіш бір жағынан әр мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің қаншалықты қамтамасыз етілгендігінен хабар береді. Алысқа бармай-ақ, көрші Өзбекстан жаһандық аштық индексінде Қазақстаннан 5,6 ұпаймен көшілгері тұр, яғни, Қазақстан 24-ші орынды місе тұтса, Өзбекстан 21-ші орыннан көрінген. Ал Әзірбайжан соғыс жүріп жатқан Украинамен бір қатарда тұр – 36. Қырғызстан – 40. Тәжікстан – 67. Ал Ресейге келсек – 28. Бұл индекс қалай түзіледі? Бұл индекс әр ел бойынша төрт көрсеткішті жинақтау арқылы анықталады: тойып тамақтанбайтын халықтың үлесі; салмағы аз 5 жасқа дейінгі балалардың қарасы; бойы қалыпты деңгейден төмен 5 жасқа дейінгі балалардың үлесі және 5 жасқа дейінгі өлім-жітім деңгейі.

0 пікір
Мұрағат