Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
2 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі биылдан бастап, яғнии, 2026 жылы ауыр әрі созылмалы ауруы бар науқастарды қажылыққа жібермейтінін мәлімдеді. Мұндай шешім науқастарды қажылық кезіндегі қолайсыздықтан сақтау, денсаулығын қорғау мақсатында қабылданып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Islamic Information ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атап айтқанда, онкологиялық аурудан, жүрек ауруларынан, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігінен, созылмалы тыныс алу жолдарының ауруларынан, өкпе дертінен зардап шегетіндер, сондай-ақ, инфекциялық (жұқпалы) дертке шалдыққан, конгнитивті қабілеті төмендеген, жүріп-тұруы қиын адамдар қажылыққа жіберілмейді. Бұдан бөлек, аяғы ауыр әйелдер, неврологиялық және психикалық ауытқуға ұшырағандар да жіберілмейді. Ауру бола тұра өзін сау етіп көрсететін құжаттың жалғандығы әшкере болған жағдайда бірден елден қуылады (қажының өз есебінен). Сауд Арабиясының арнайы мониторинг тобы ққажылық парызды өтеуге жарамдылықты растайтын медициналық құжаттарды мұқият тексеретін болады. Жалған құжат берген дәрігерлер де жазаланады.

0 пікір
Мұрағат