Биыл үлкен қажылық болмауы мүмкін
|
Әлемді жайлаған короновирус пандемиясына байланысты биыл қажылық болмауы мүмкін. Олай дейтініміз, Ресейдің бірқатар аймақтарының мұсылмандары діни басқармалары жамағатына қасиетті сапарды кейінге шегеруге кеңес беріп жатыр. Ал қажыларға қызмет көрсететін операторлар алдын ала брондалған турдан бас тартқан бір жағдайды тіркеді әрі биыл қажылыққа барудан бас тартатындар қарасы көбейе беретіні айтылған. Бұл жайында орыс тілінде хабар тарататын islam-today.ru порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Ал ТАСС ақпарат көзі өз кезегінде аймақ мүфтияттары мен туристік индустрия өкілдеріне сілтеме жасаған. Осы орайда тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсек, наурыз айының бас кезінде Саудия билігі ұмраға келгісі келетін қажыларға шектеу қойған болатын.