Биыл үлкен қажылық болмаса, оның Саудия үшін салдары қандай болмақ
Биыл үлкен қажылық болмаса, оның Саудия үшін салдары қандай болмақ
5 жыл бұрын 3110 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия экономикасы толықтай дерлік мұнай шикізатына тәуелді екенін білесіздер. Уикипедия электронды анықтамада осыдан он жыл бұрын келтірілген мәліметке (бұл дерек көп өзгере қоймағанын айта кетуіміз керек, өйткені, аталған араб елінің экономикасы мұнай шикізатына тәуелділіктен алыс ұзай қойған жоқ) сенсек, әлемдік мұнай шикізаты қорының 25 пайызына ие Саудияның мұнай экспортынан түсетін табыс аталған елдің өзге экспорт табысының 90%-ын, бюджет кірісінің 75%-ын, жалпы ішкі өнімінің 45%-ын құрайды. Десе де Саудия діни туризмнен де көл-көсір пайда көріп отырған ел екенін айта кету керек. Қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларындағы жекеменшік сектор табысының 30%-ын қажылық маусымында табады. Қажылық пен ұмрадан жыл сайын Саудия экономикасы 12 млрд долларға дейін пайда көреді. Яғни, бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің 7%-на жете-қабыл. Саудия биыл үлкен қажылықты пандемияға байланысты болдырмауы мүмкін. Саудия билігі мұсылмандарды психологиялық тұрғыдан осыған дайындап жатыр, деп хабарлайды The Guardian ақпарат көзі. Мұндай жағдай осыдан екі ғасыр бұрын орын алғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді: соңғы рет 1798 жылы да үлкен қажылық болмай қалған еді. Яғни, ислам тарихында індет пен соғыстан, табиғи апаттардан мұндай жағдай (қажылықтың болмай қалуы) 40 шақты рет орын алғанын да айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат