Биыл сириялықтарға көмек көрсету үшін қанша қаржы қажет?
|
2017 жылы соғыстан титықтаса да ел аумағынан кетпеген сириялықтарды шығынына кем дегенде 3,4 млрд доллар қажет болады. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының Сириядағы гуманитарлық бағдарламалар үйлестірушісі Әлі әз-Затари мәлімдеді. "Біз донор мемлекеттердің ел ішінде қалған сириялықтарға гуманитарлық көмек көрсетуге 3,4 млрд доллар бөледі деп үміттенеміз. Бұл өзге елдерде босқын атанған 4 млн сириялықтардың шығынын есептемегендегі қаражат",- деді ол мәлімдемесінде. Сондай-ақ, ол өткен жылы соғыстан зардап шеккен сириялықтарға 1,5 млрд доллар шамасында көмек көрсетілгенін жеткізді. Бастапқы кезде БҰҰ сириялықтар үшін әлем қауымдастығынан 3,2 млрд доллар сұраған болатын. Бөлінген қаржы ауыз сумен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге және медициналық жәрдем көрсетуге жұмсалған.