Биыл Нобел сыйлығы экономика аталымы бойынша не үшін берілді
Биыл Нобел сыйлығы экономика аталымы бойынша не үшін берілді
5 жыл бұрын 1871 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2019 жылғы Альфред Нбоель сыйлығын иемдеген экономика саласындағы тұлғалардың есімі белгілі болды. Олар - Абиджит Банерджи, Эстер Дюфло және Майкл Кремер. Оларға қандай да бір экономикалық моделді немесе қаржы дағдарысын еңсеруге көмектесетін тетікті ойлап тапқаны үшін емес, әлемдегі кедейлікпен күресі үшін берілді. Биылғы экономика аталымы бойынша берілген Нобел сыйлығы гуманистік сипатымен ерекшеленеді. Адамзатқа неғұрлы тиімді әрі пайдалы бағыттарға баса мән берілетін халықаралық беделді сыйлықты алғандар арасындағы Массачусет технологиялық институтының ғалымы, тегі француз Эстер Дюфло осынау сыйлықты алған екінші әйел. Экономика аталымы бойынша. 2009 жылы Элинор Остром есімді америкалық әйел экономикалық басқаруды талдауы үшін осынау сыйлыққа экономика саласы бойынша тұңғыш қол жеткізген әйел болатын. 

0 пікір
Мұрағат