Биыл «Жер сағаты» акциясына әлем бойынша қанша ел қатысты?
|
Бірден айта кетейік, биыл, дәлірегі, наурыз айының 25-і күні бүкіл әлемде өткен «Жер сағаты» деп аталатын жаһандық, экологиялық акцияға қатысқан елдердің қатары рекордтық көрсеткішке жетті. Нақтырақ айтқанда, жабайы табиғатты және қоршаған ортаны қорғауға (WWF) арналған аталмыш акция тарихында алғаш рет әлемнің 184-тен аса елі атсалысқан. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда алты есе көп. Айта кетейік, аталмыш акция осымен 11-ші рет өткізіліп отыр. Ең алғаш рет 2007 жылы Австралияда өткен болатын. Содан бері аталмыш акция аясында наурыз айының әр соңғы сенбісінде, сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бір сағат бойы қатысушы елдер жарықты сөндіріп, электр құрылғыларын ток көзінен ажыратады. Осылайша экологияның жақсаруына өз үлестерін қосады. Қайталап айтайық, мұндағы мақсат электр энергиясын үнемдеуге емес, әлем қауымдастығының назарын экологиялық мәселелерге аударуға саяды. Акцияны ұйымдастырушылар «Планетаны емес, өзіңді өзгерт» деген ұран аясында әлем жұртшылығын табиғатты аялауға шақырып отыр.