Биыл Иранда 1,2 млн тонна құрма жиналды
|
Биыл, яғни, парсылар елінің жыл қайыруы бойынша 1399 жылы (2020 жылдың наурыз айының 20-нан басталады) шиғалар елінде құрма түрлерінің 1,2 млн тонна өнімі жиналған. Былтыр осы көрсеткіш шамасында құрма жиналған еді. Бұл жайында islam.kz Иран құрмасының қлттық қауымдастығының жетекшісі Моһсен Рашид Фарруһ келтірген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жұқпалы індетке опай енгізілген шектеу шараларына байланысты биыл құрма экспортында кедергілер кездескенімен Иран билігі жыл соңына дейін, яғни, 2021 жылдың наурыз айының 20-на дейін жиналған өнімнің15%-20%-ын экспорттауды көздеп отыр. Бұл жайында Young Journalists Club ақпарат көзі хабарлады. Иран аумағында жиналған құрма өнімдерін негізінен Солтүстік Америка, Еуропа Одағы, Ресей Федерациясы, Үндістан, Қытай тұтынады.