Биыл Харам мешітінде қанша адамды оңашалануға жібереді
|
Биыл қасиетті айдың алғашқы он күндігінде Мәдинадаға Пайғамбар мешітіне 10,3 млн-нан аса адам бас сұққан. Олардың 675 мыңнан астамы Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен иглігі болсын) және Оның екі жақын серігі, саңлақ сахабалар Әбу Бәкір ас-Сыдық пен Омар ибн әл-Хаттабтың қабірін зиярат еткен екен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Saudi Gazette мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пайғамбар мешіті маңында 2,3 млн-нан аса ауызашар беріліп, 1 млн-нан аса зәм-зәм суы құйылған шөлмек таратылды. Ал Меккедегі Харам мешітіне келгендердің қарасы Рамазанның алғашқы ширегінде 9,3 млн адамға жеткен. Қазіргі уақытта Меккеде қасиетті айдың соңғы он күнінде рухани оңашалануға (итикаф) тіркеу рәсімі басталды. Биыл оңашалану құлшылығына 2500 адам жіберіледі.