Биыл бір араб елінде 10 мыңнан аса шетелдік неке қидырды
Биыл бір араб елінде 10 мыңнан аса шетелдік неке қидырды
3 ай бұрын 939 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылдың алғашқы жартысында Біріккен Араб Әмірлігінің азаматтық отбасы сотына туристер мен экспаттар (осы елде тұрып жатқан шетелдік азаматтар) тарапынан келіп түскен неке қидыруға қатысты өтініштер саны 10 мыңнан асып кетті. Араб әмірлігінің сот істері жөніндегі департаменті келтірген дерекке қарағанда, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артқан. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шетелдіктіктердің аталған ел аумағында неке қидыру үрдісі жылдан жылға қарқын алып келеді. Бұған ең алдымен Таяу шығыстағы аталған елдегі неке қидыру бойынша көрсетілетін қызмет сапасы себеп болса, екіншіден, осы елде неке қидырудың романтикалық трендке айналғанын көрсетеді. БАӘ астанасының бұл бағыттағы едәуір артықшылығы - дәл осы жерде азаматтық мәртебені айқындайтын, шетелдіктерге арналған өңірдегі алғашқы сот құрылғандығында. Барлық қызметтер араб және ағылшын тілдерінде ұсынылады, бұл процесті әрбір кезеңде - өтініш беруден бастап сот шешімін алғанға дейін ашық өтеді. Бұдан бөлек, сот жұмысы заңдық процедураларды барынша оңтайландырып, уақытты үнемдеуге әрі қаржылық шығында азайтуға бағытталған. Негізгі қызметтер неке қию рәсімін, неке келісімшарттарын растауды, ерлі-зайыптылар болашақта бір-бірін айыптамай ажырасу мүмкіндігінің болуы, балаларға бірлескен қамқорлықты автоматты түрде белгілеуді, өсиеттерді тіркеуді және балалар арасында мұраны тең бөлуді қамтиды. Бұл сервистерді БАӘ резиденттері ғана емес, туристер де пайдалана алады. Бірыңғай цифрлы жүйенің арқасында өтініш берушілер барлық кезеңдерден қашықтан өте алады. Осылайша БАӘ замануи заң орталығына айналып, халықаралық беделін арттырып келеді. Клиенттер тарапынан сенімге ие мұндай жүйе әлемнің өзге елдерінде жоқ десе де болады. Азаматтық отбасы сотының мәліметіне үңілсек, некені тіркету деңгейі 2022 жылы – шамамен 5,4 мыңға жеткен, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 16 мыңнан асқан.

0 пікір
Мұрағат