Биыл араб елі тағы 4500 миллионермен толығуы мүмкін
Биыл араб елі тағы 4500 миллионермен толығуы мүмкін
1 жыл бұрын 1243 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2023 жылы Біріккен Арраб Әмірліктеріне тағы 4500 миллионер қоныс аударуы мүмкін немесе бизнесін осы елге көшіруі мүмкін. Henley & Partners халықаралық консалтингтік компанияның бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі осындай. Өйткені, БАӘ күллі әлем бойынша ауқаттылар мен дәулеттілердің панасы деген мәртебеге ие болған. Бұл жайында islam.kz порталы arabianbusiness.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәулеті доллармен шаққанда бір миллионнан кем еммес миллионер көші-қоны, дәлірегі, саны бойынша Біріккен Арааб Әмірлігі Австралиядан кейінгі орында тұр. Жалпы алғанда, 2023 жылы 122 мың ауқатты адам мекен-жайын ауыстырса, келесі жылы бұл көрсеткіш 128 мыңға дейін өсуі мүмкін. Бұл тараптағы зерттеу долларлық миллионерлердің қозғалысын бақылайды. Қазіргі уақытта капиталдың жылыстауы бойынша Қытай алда келеді. Сондай-ақ, Ұлыбританиядан биыл Ресейге қарағанда миллионерлер (3200 адам) көп кеткен.

Миллионерлер қарасы бойынша алғашқы 10 ел:

Австралия (5200 адам)

БАӘ (4500)

Сингапур (3200)

АҚШ (2100)

Швейцария (1800)

Канада (1600)

Грекия (1200)

Франция (1000)

Португалия (800)

Жаңа Зеландия (700).

Сауд Арабиясы бұған дейін миллиардерлер саны бойынша Таяу Шығыста көш бастаған еді, бұл мәліметWealth-X зерттеуінің нәтижеснен белгілі болды. Аталған аймақта дәулеті шалқыған 187 аса адамның 71-і Сауд Арабиясында, олардың жалпы байлығы 205 миллиард АҚШ долларын құрайды. Сонымен бірге Біріккен Араб Әмірліктеріндегі миллиардерлердің саны 45-ке жетті, олардың жалпы байлығы 200 миллиард АҚШ долларын құрайды.45 аса байдың 38-і Дубай әмірлігінде тұратыны белгілі. Wealth-X зерттеуі Таяу Шығыстағы миллиардерлер саны азайғанымен олардың байлығының мөлшері 7,2%-ға, яғни, 556 миллиард долларға артқанын көрсетті. Капитал, ең алдымен, энергия бағасының жоғарылауына байланысты өскен. Миллиардер қалалар тізімінде Нью-Йорк мегаполисі бірінші, Мәскеу бесінші орында тұр.

Ұқсас материал:

«Миллионерлер (доллармен) эмиграциясы бойынша Қытай мен Ресей алдыңғы орынға шықты» (https://islam.kz/kk/news/alem/millionerler-dollarmen-emigratsiyasy-boiynsha-qytai-men-resei-aldyngy-orynga-shyqty-18764/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат