Биыл әлемдік сауда көлемі 1,7%-ға ұлғаяды
Биыл әлемдік сауда көлемі 1,7%-ға ұлғаяды
8 жыл бұрын 3626

Биыл әлемдік сауда көлемі 1,7%-ға ұлғаяды. Бұл туралы Дүниежүзілік сауда ұйымы ДСҰ-ның қоғамдық форумының ашылуында хабарлады. 

ДСҰ-ның сәуір айындағы болжамына қарағанда, жаңа көрсеткіш 1,1%-ға төмен.

Соңғы 15 жылда алғаш рет әлемдік сауда көлемі әлемдік экономиканың өсімімен салыстырғанда баяу ұлғаюда. Сондай-ақ, ДСҰ 2017 жылы әлемдік сауда-саттық өсімі де баяулап, 1,8−3,1% жетеді деп шамалап отыр. Ал биыл сәуір айында аталған ұйым әлемдік сауда келесі жылы 3,6%-ға артады деп болжаған еді.

Естеріңізге салып өтсек, ДСҰ-ның осы жылы сәуірде жарияланған болжамына сүйенсек, әлемдік сауда көлемі 2,8%-ға ұлғаюы тиіс болатын. Алайда Қытай мен Бразилияда сауда айналымының төмендеуі, АҚШ-та импорт көрсеткіштері өсімінің баяулауы әлемдік экономиканы ақсатты.  

Естеріңізге салып өтсек, ДСҰ-ның осы жылы сәуірде жарияланған болжамына сүйенсек, әлемдік сауда көлемі 2,8%-ға ұлғаюы тиіс болатын. Алайда, Қытай мен Бразилияда сауда айналымының төмендеуі, АҚШ-та импорт көрсеткіштері өсімінің баяулауы әлемдік экономиканы ақсатты.  

0 пікір
Мұрағат