Биыл әлемде мұнай өндіретін тағы бір ел пайда болады
|
2024 жылы Африка құрлығындағы экономикасы тұралап қалған Сомали өз аумағында мұнай шикізатын өндіруді бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Африкадағы мұсылман елінің мұнай және минералды ресурстар министрі Әбдірәзақ Омар Мұхаммедке жөн сілтеген Garowe ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Аталған елдің Галмудуг, Жубаленд және Оңтүстік-батыс штаттарында кен орындары ашылады. Геосейсмикалы дерек бойынша Сомалидегі барланған мұнай мен газдың қоры 30 млрд баррелге жетеді. Бұл бағытта Сомали билігі Coastline Exploration америкалық компаниямен 2022 жылдың өзінде мұнай өндірісіне қатысты келісім-шартқа отырғанын айта кету керек. Америкалық мамандар сол кезден бастап Сомали аумағында барлау жұмыстарын жүргізіп келеді. Сөз орайы келгенде өткен жылы (2023) әлемдегі мұнай өндірісі 1,62 трлн баррелге жеткенін айта кетпекпіз. Бұл тарапта Сауд Арабиясы көш бастаған – 271 млрд баррел. Екінші орыннан көрінген Америка құрама штаттары – 192 млрд баррел. Ал үшінші орынға Ресей Федерациясы жайғасқан – 143 млрд баррел.