Биыл 1,4 миллион бала аштықтан өледі - ЮНИСЕФ
Биыл 1,4 миллион бала аштықтан өледі - ЮНИСЕФ
8 жыл бұрын 3537 tengrinews.kz reddbarna.no

Дер кезінде көмек көрсетілмесе, Нигерияда, Оңтүстік Суданда және Йеменде 1,4 бала аштықтан өлуі мүмкін, - деп хабарлайды "Радио ООН" басылымы. Мұндай мәліметті БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) келтіріп отыр. Бұл мақсатта ұйым 225 миллион доллар сұратып отыр. "Таяудағы айларға қажет етіліп отырған қаржы - 2017 жылы қажет болатын жалпы соманың жартысы ғана. Жалпы 712 миллион доллар қажет - өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға жоғары", - дейді БҰҰ басшысының баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак. Ұйымның мәлімдемесінде аштық, құрғақшылық және қақтығыстар жайлаған елдерде миллиондаған балалардың тойып ас ішпейтіні, ауыратыны, баспанасының жоқтығы, мектепке бармайтыны айтылады. ЮНИСЕФ өткен жылдардан сабақ алуға шақырады: мәселен 2011 жылы Сомалиді аштық ресми түрде жарияланғанда көптеген бала қаза тапқан. Балалар қорының өкілдерінің айтуынша, халықаралық қауымдастық мұндай жағдайдың алдын алу керек. 

0 пікір
Мұрағат