Бішкек ауаның ластануынан әлем бойынша бірінші орынға шықты
Бішкек ауаның ластануынан әлем бойынша бірінші орынға шықты
2 жыл бұрын 1102 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: 26.edubish.kg

Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласы ауаның ластану деңгейі бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Бұл жайында islam.kz порталы ауа сапасының рейтингісін  түзетін www.iqair.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, Бішкек ауасының ластану индексі -- 306 AQI. Бұл көрсеткіш «қауіпті» деңгейге жатқызылады. Ал екінші орынға Бангладеш орталығы – Дакка қаласы жайғасқан ) – 179 AQI, үшінші орыннан Үндістанның Дели мегаполисі көрінген – 176 AQI. Бұл тарапта алғашқы ондық құрамында Калкутта қаласы (Үндістан), Караши (Пәкістан), Мумбай (Үндістан), Аккра (Гана), Бағдат (Ирак)ғ Ташкент (Өзбекстан), Лахор (Пәкістан) бар. ТАСС ақпарат агентттігінің хабарлауынша, Бішкектің қоршаған ортасындағы проблема 2017 жылдың қараша айынан басталған, дәлірегі, сол мерзімде аталған қала ауасның ластану мөлшері шектік деңгейден бірнеше есе асқан.  Содан бері Бішкек қараша айының орта шенінен ақпанның ортасына дейін әлемдегі ең ауасы лас қала атанып келеді. Бұған ретсіз және жүйесіз салынып жатқан зәулім ғимараттар себеп болуда – желдің екпінін тежеп, бағытын бәсеңдеткеннен ауа сапасы күрт нашарлап барады. Бұдан бөлек, жер үйлер қыстай көмір жағады.  

0 пікір
Мұрағат