Бірнеше мыңдаған адамның исламға келуіне себепкер болғаны үшін қамауға алынды
Бірнеше мыңдаған адамның исламға келуіне себепкер болғаны үшін қамауға алынды
4 жыл бұрын 5073 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістанда арнайы қызмет жасағы бірнеше мыңдаған адамды исламға әкелгені үшін оның әрекетін лаңкестікке теліп, экстремизмнің алдын алуды желеу етіп, осы елдегі есімі елге белгілі дін қайраткерінің қолына кісен салды. Бұл жайында islam.kz порталы OpIndia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Уттар-Прадеш штатының экстремизмге қарсы тұру жөніндегі полиция бөлімшесі Жаһангер Қасмидің мүфти-қадиясы, Нью-Дели тұрғыны Мұхаммед Омар Гаутаманы тұтқындады. Сондағы бар таққан айыбы: ол исламға шақыратын жалпы ұлттық ячейкаларға жетекшілік еткен. Яғни, исламға шақырғаны үшін жазықты болып отыр. Мұхаммед Омар Гаутама – жоғары дәрежелі үнді отбасында Шьям Прасад Сингх Гаутам деген атпен дүниеге келген дін насихатшысы. 1986 жылы ол Насыр Хан есімді мұсылман досының ықпалымен исламды қабылдайды. Насыр Ханның адалдығына тәнті болады. Көп ұзамай оның зайыбы мен анасы да хақ жолға түседі. Кейін олт дін уағызшысына айналады. Наным-сенімі бөлек бірнеше мыңдаған адамның исламды қабылдауына себепші болады. Олардың дені төменгі кастадан шыққан кедейлер мен әйелдер болатын. Күштік құрылымдар оның ықпалымен исламды қабылдағандар қарасының артып келе жатқанына, қысқасы, исламның таралу қарқынына тосқауыл қою үшін оны тұтқындады. Яғни, Үндістанның экстремизмге қарсы тұру жөніндегі бүгінгі қолданыстағы заң талаптары бойынша дін қайраткерінің бұл әрекеті «дінге заңсыз кіргізу» ретінде жіктеледі. Үнді күштік құрылымдары, әсіресе, кедей отбасынан шыққан талай үнді қыздарының Мұхаммед Омар Гаутаманың ықпалымен исламды қабылдап, мұсылманға тұрмысқа шығып, олардан құрсақ көтергені, осылайша елдегі мұсылм андар қарасының көбеюіне атсалысып жатқанына ашулы.

0 пікір
Мұрағат