Бірнеше мұсылман елінің әскери жаттығуы өтті
|
Түркияда алғаш рет бірнеше мұсылман елінің әскерилерінің басын қосқан қарулы күштердің жатттығуы өтті. Бұл жайында islam.kz порталы InAstana ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Шекарасыз бауырластық-1» маневрлеріне Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Пәкістан және Өзбекстанның әскери контингенттері қатысты. Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер қалалық жағдайларда арнайы барлау, жақыннан ұрыс жүргізу және ұрымталдан ұрыс қимылдарын жүргізу бойынша іс-шараларды жоспарлауға, тактикалық тапсырмаларды орындауға, сондай-ақ, жау бекінген немесе жасырынған ғимаратқа басып кіруге және қарауылдардың көзін жоюға, одан кейін бөлімшелерді эвакуациялауға қатысты тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, оқу-жаттығуға қатысушылар майдан даласында алғашқы медициналық көмек көрсету және жаралыларды ұрыс даласынан эвакуациялауды пысықтады.