Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындарына Рамазан айында 75%-ға дейінгі жеңілдіктер беріледі
Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындарына Рамазан айында 75%-ға дейінгі жеңілдіктер беріледі
2 жыл бұрын 1960 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Рамазан айында Дубай қаласындағы Union Coop гипермаркеттер желісі 10 000 тауардың бағасын 75%-ға төмендетеді. «Мырза» жеңілдіктер ең танымал әрі аса қажетті азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларға қатысты болады. Бұл жайында islam.kz порталы russianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сауда қожайындары жеңілдіктер өнім сапасына әсер етпейтінін баса айтты. Яғни, мерзімі өтіп бара жатқан тауарларды тықпаламайды. БАӘ-де оразаның орташа ұзақтығы 14 сағатты құрайды. Демек, мүміндер Рамазан айының басында 13 сағат 30 минут, соңғы аптада 14 сағат 13 минутқа жуық ауыз бекітеді. Рамазан күндері БАӘ тұрғындарын бірқатар өзгерістерді күтуде. Ең алдымен, мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлерінің жұмыс күні екі сағатқа қысқарады. Бұл ереже барлық наным-сенім өкілдеріне қатысты және жалақының төмендеуіне әкелмейді. Мектеп оқушылары да қысқартылған кесте бойынша оқиды: дүйсенбіден бейсенбіге дейін 08:00-ден 13:00-ге дейін және жұма күндері 8:00-ден 11:30-ға дейін. Ораза ұстағандар үшін дене шынықтыру және суда жүзу сабақтары тоқтатылады, музыка сабақтарында музыкалық аспаптар қолданылмайды. Мұғалімдер үй тапсырмасының көлемін де азайтады. Ораза ұстаушылардың ораза ұстамағандармен кездесуіне жол бермес үшін мектеп асханалары жабылады. Супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері әдеттегідей жұмыс істейді, сауда орталықтары, мейрамханалар сәресіне дейін ашық болады. ұсылман еместерге – БАӘ тұрғындары мен туристеріне қасиетті Рамазан айында өзін-өзін ұстау ережелері бұрын ескертілген. Атап айтқанда, мұсылман еместерге ауыз бекіту міндеттелмейді, алайда, ораза кезінде қоғамдық орындарда ішімдік ішуге, темекі шегуге және тамақ ішуге тыйым салынады. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда сағыз шайнауға, өзін дөрекі ұстауға және балағаттауға, билеуге және музыканы қосуға тыйым салынады (құлаққаппен музыка тыңдауға рұқсат етіледі). Қарапайым киінуге кеңес береді. 

0 пікір
Мұрағат