Бірер жылдан соң Қытайдың Таяу Шығыспен сауда-саттығы Батыспен сауда-саттықтан асып түседі
|
Парсы шығанағы елдері мен Қытай арасындағы сауда-саттық мөлшері өткен жылы 225 млрд доллардан аспады. Бұған мұнай бағасының құлдырағаны себеп болған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bloomberg агенттігіне жөн сілтеген investing.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, 2027 жылы бұл тараптағы көрсеткіш 325 млрд долларға жетуі мүмкін. Asia House сарапшыларының болжамы осындай. Парсы шығанағы мен Азияның дамып келе жатқан экономикалары арасындағы сауда, егер қазіргі өсу қарқыны сақталса, 2030 жылға қарай 682 миллиард долларға жетуі мүмкін, делінген хабарламада. Парсы шығанағы мен Америка құрама штаттары, Ұлыбритания және Еуропа арасындағы сауда-саттық мқлшері 2023 жылы 250 миллиардтан асты, алайда, Қытаймен сауда-саттыққа қарағанда баяу өскен. Бұл өзгеріс өз кезегінде дипломатиялық, экономикалық жаңа одақтың құрылуына алып келуі мүмкін. Asia House бас директоры Майкл Лоуренстің пікірі осындай.