Бірегей ерекшелікке ие жаңа зымыран құрастырылды (видео)
Бірегей ерекшелікке ие жаңа зымыран құрастырылды (видео)
1 ай бұрын 677 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің аэроғарыш өнеркәсібі (IAI) «Air Demon» (Әуе шайтаны) деп аталатын жаңа, қанатты зымыранды құрастырды. Бұл туралы Islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл зымыран оператордың басқаруынсыз қозғала алады және оны әмбебап қару ретінде пайдалануға болады. Air Demon - тікұшақтар мен қанатты ұшақтарды қоса алғанда түрлі әуе платформаларынан ұшыруға болатын «әуе-жер» қанатты зымыраны. Ол қозғалатын және қозғалмайтын нысаналарды атуға арналған, дәлірегі, кетіп немесе ұшып бара жатқан нысандарды да, қозғалыссыз тұрған нысандарды да жоя алады. Зымыранның ерекшелігі оның салмағында - шамамен бар-жоғы 20 келі тартады. «Әуе шайтаны» ең аз шығынмен ұзақ қашықтыққа дәл соққы бере алатын заманауи, әскери қару. HaShidon Haaviri зымыраны төмен биіктікте ұшады және ұшырылғаннан кейін оператордың араласуын қажет етпейді. Жылу сенсоры бар заманауи электрлі-оптикалық бас құрылғысымен жабдықталған ол күндіз де, түнде де тиімді нысанаға алуды қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда зымыран өзінің ұшу платформасын қорғауға қауқарлы, яғни, «қарсы зымыран» ретінде де жұмыс істей алады.

0 пікір
Мұрағат