«Бір үйге – бір ит» ережесі енгізілді
|
Бұл ережені кезіндегі демографиялық өсімді тежеу үшін қолға алынған «Бір отбасында бір бала» саясатына ұқсатқанымызбен бір-бірімен салғастыруға мүлдем келмейтін екі бөлек нәрсе. Тарқатып айтқанда, Қытайдың Циндао қаласының билігі тұрғындарына бір иттен ғана асырау туралы шектеу енгізді. Бұл жайында The South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты. Бұған қоса, шамамен иттің 40 тұқымын асырауға тыйым салынып отыр. Олардың ішінде тибет мастифі, доберман және питбул секілді қауіпті ит тұқымдастары да бар. Оның үстіне, аталған қала тұрғындары асырауындағы үй жануарларын маусым айыныңм 8-і күнінен бастап, жасын, тұқымын көрсете отырып, тіркетіп жатыр. Жаңа ережеге сәйкес. Бір иттен көп ит ұстайтындардан 500-ден 2000 юанға дейін айыппұл алынады. Егер бұл жазадан да сабақ алмаса, ережеде көрсетілген шектеуден артық үй жануарын тәркілейді. Бір иті барлардың иті күшіктесе, өскенше күшіктерін өзінде қалдыра алады. Айта кетейік, Қытайда шамамен 100 млн-дай үй жануары бар. Олардың үштен бірін иттер құрап отыр.