Бір күнде бірден 17 кәріс исламды қабылдады
|

Оңтүстік Кореяның 17 тұрғыны Сеул қаласының орталық мешітінде бір мезгілде исламды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Siasat.com ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Имамның жетекшілігімен олар қасиетті Құран аяттарын оқып, куәлік етті (тілін кәлимаға келтіріп, шаһадат айтты). Олар исламды қабылдамас бұрын мешітте діни ілім курсынен өтті. Дәрісте оларға исламның негіздері айтылды. Осы орайда Таңғы шық елінде кәрісі бар, шеттен келгені бар, ұзын саны шамамен 200 мың мұсылман өмір сүріп жатқанын айта кетпекпіз. Кореяның мұсылман федерациясы ислам жөнінде жиі дәріс өткізеді. Бұл тарапта Кореядағы ең танымал корей мұсылманы – Дәуіт Ким (бұрынғы есімі – Жей Ким) 2019 жылы исламды қабылдап, әлеуметтік желі арқылы өз тәжірибесімен бөлісіп келеді. Оның Кореяда мұсылман болып өмір сүрудің қандай екені турасындағы жазбалары бар, танымалдылығы (бұрын әнші болған) бар, қысқасы одан үлгі алған кәрістер исламды қабылдап жатыр.




