Бір жылда ғылымға 441 млрд доллардан аса қаржы бөлген ел
Бір жылда ғылымға 441 млрд доллардан аса қаржы бөлген ел
3 жыл бұрын 2935 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен 2021 жылы Қытайда ғылыми зерттеу ұмыстары мен тәжірибелеріне, конструкциялық жаңалықтарға бөлінген қаражаттың жалпы мөлшері жалпы ішкі өнімнің 2,44%-на жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қытай халық республикасының Ұлттық статистика бюросының бұл тарапта келтірген дерегіне жөн сілтеген China Daily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша аталған ел тарихында ғылымға осынша мол мөлшердегі қаражат бірінші рет бөлініп отыр. Бұл – рекордтық көрсеткіш! Дәлірегі, 2020 жылғы бұл бағыттағы көрсеткішпен салыстарғанда жалпы ішкі өнімге шаққанда өткен жылғы көрсеткіш 0,03 пайызға артқан. Яғни, 2021 жылы ғылыми жаңалықтар мен зерттеулерге шамамен 2,79 трлн юан ($441,13 млрд доллар) бөлінген. Жылдық есеппен алғанда бұл салаға шығын 14,2%-ға артқан. Ал инфляция мен өзге де экономикалық факторларды ескерсек, Қытайда бұл салаға жұмсалған шығын 9,4%-ға өскен. 2021 жылы Қытайдың жалпы ішкі өнімі 114 трлн юанды (17,9 трлн доллар) құрады. Ал бұл көрсеткішті 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жалпы ішкі өнім 8,1%-ға өскен.Десе де Қытайдың бұл тараптағы деңгейі АҚШ-қа жетпейді - 2021 жылы 511,1 млрд доллар; жалпы ішкі өнімнің 2,74 пайызын бөлген. 

0 пікір
Мұрағат