Бір ғана мұсылман елі білікті мамандардың шетел асуынан жыл сайын 4 млрд доллардан аса шығын көріп келеді
Бір ғана мұсылман елі білікті мамандардың шетел асуынан жыл сайын 4 млрд доллардан аса шығын көріп келеді
4 ай бұрын 615 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан экономикасы мен ғылымының кенжелеп қалуына “мидың жылыстауы” елеулі әсерін тигізіп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің экономикалық даму институты (PIDE) келтірген дерекке қарағанда Пәкістан адам капиталының көші-қоны бойынша әлемде алтыншы орында тұр. 2022-2023 жылдар аралығында елдегі экономикалық және әлеуметтік саясаттың осалдығына байланысты, соның жалақының мардымсыздығы мен қолайлы жұмыстың болмауынан жоғары біліктілі бар мамандардың кету көрсеткіші 26,6%-ға артып кеткен. Шетелде нәпақасын айырып жүрген пәкістандық еңбек мигранттары елге қыруар қаржы аударса да (38,5 млрд доллар) бұл қаражат жоғары білікті мамандардың өз отанында келтіретін пайданың орнын ешуақытта толтыра алмайды. Шетелдегі пәкістандық еңбек мигранттарының қаражаты қысқа мерзімді тиімділігін танытқанымен ұзақ мерзімде пайдасы жоқ. Өйткені, пәкістан экономикасы мен денсаулық сақтау саласы, білім беру мен технология инновациялық шешімдерге зәру. Жоғалған жоғары білікті мамандарды оқыту құнының өзі қыруар шығын. Мысалы, бір дәрігердің оқу ақысы шамамен 25 000 доллар тұрады. Жыл сайын 10 000 дәрігерді жұмыстан босату арқылы Пәкістан медициналық білімге құйған инвестициясының шамамен 250 миллион долларын жоғалтады. Бұл шығындар (оқу ақысына жұмсалған қаражат) қалпына келмейді және олардың салдары сұрапыл. Бұдан басқа, жалпы экономикалық шығындар әлдеқайда жоғары. Егер жыл сайын 100 000 білікті маман шетелге қоныс аударатын болса, Пәкістан шетелдік экономикаға байланысты 4,8 миллиард долларға жуық табысынан айрылады. Шетелдегі еңбек мигранттарының ақша аударымдарынан түсетін табысты қоса алғанда бәрібір Пәкістан көп ұтылып отыр: таза шығын 4,2 миллиард долларды құрайды. Сарапшылар «мидың жылыстауына» тосқауыл қою үшін технологиялық аймақтар құруға, стартаптарға басымдық беруге, бәсекеге қабілетті арттыратын жалақы мөлшерін тағайындауға (көтеруге), қауіпсіздікті арттыруға, ғалымдардың мәртебесі мен беделін көтеруге, салықты жеңілдетуге, т.б. ынталандыру шараларын қабылдауды биліктен талап етуде. Бұған қоса, Пәкістанда қос азаматтыққа рұқсат етілгендіктен бұл саясат та біліктілігі жоғары мамандардың елден кетуіне ықпал етіп отыр.

 

0 пікір
Мұрағат