Бір ғана елде ислами қаржы мөлшері 90 млрд доллардан асты
|
Түркиядағы ислами қаржы мөлшері бірер жылдан соң 100 млрд долларға жетпек. Бүгінде, дәлірегі, осы жылдың қыркүйек айында бұл көрсеткіш 90 млрд доллардан асты. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Fitch Ratings америкалық рейтинг корпорациясы бұл тарапта арнайы талдау жүргізе келе 2025 жылға дейін Түркия аумағындағы ислами банктердің активтері осы сектордың жалпы мөлшерінің 15%-на жететінін болжап отыр. Бұл бағыттағы өсім Түркия билігінің аталмыш секторға стратегиялық тұрғыдан мән беруімен байланысты өрбиді. Түркия мен Парсы шығанағы ынтымақтастығы кеңесіне (GCC) мүше елдері арасындағы қарым-қатынастың нығаюы өз кезегінде исламдық қаржы нарығына оң әсер етіп, үкіметке тікелей шетелдік инвестиция тартуға көмектесуде. Түркияның үш жылда жалпы мөлшері 51 млрд. долларды, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен 8 млрд долларды қаржылық міндеттемесі түрінде алған. Парсы шығанағының бірқатар банктері өз инвестицияларын әртараптандыруға күш салып жатыр және түріктердің ислам банктеріне инвестиция құйған. Дубай ислам банкі де жақында түрік цифрлық банкинг секторына енгенін айта кету керек.