Бір ғана елде діни қорлардың қолдауымен 300 мыңнан аса студент білім алып жатыр
|
Түркияның діни қорларының (TDV) және түріктің қайырымдылық қорларының қолдауымен 300 мыңнан аса студент шәкіртақы мен білім алуда. Бұл жайында islam.kz порталы TDV бас директоры Изан Тұран келтірген дерекке жөн сілтеген түріктің бұқаалық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Студенттерге жәрдем «Білім әлемді өзгертеді» деп аталатын науқан аясында беріліп отыр. Бұл тарапта TDV «білім мен ғылымға құйылған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция» деген ұранды ұстанады. «Түркиядан және басқа елдерден келген мыңдаған студенттерге жатақхана, шәкіртақы және курстарға қатысу мүмкіндігін береміз. Білім беру орта мектеп, бакалавриат және магистратура деңгейлерінде 12 түрлі бағдарлама арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті және шетелдік студенттерге қолдау көрсете отырып, біз болашақты құратын жастардың армандарын жүзеге асыруға көмектесеміз»,- деп мәлімдеді Изан Тұран. Осылай деген ол TDV Түркияны қоса алғанда әлемнің 104 елінен келетін сттуденттердің алаңсыз білім алуына барынша мүмкіндік тудырып отырғанын жеткізді.