|
Бір ғана елде 5 жасқа дейінгі балалардың 68%-ы тойып тамақтанбаудан өледі
|
5 жасқа дейінгі үнді балаларының 68%-ы тойып тамақтанбаудан және сапасыз тағамнан көктей солады екен. Бұл жайында үнділердің «Адж» деп аталатын аңалықтар қызметі Үндістанның медициналық зерттеу жөніндегі кеңесінің зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш кеңес мамандарының айтуынша, жаңа туған шараналардың 21%-дан астамы салмағы кем болып туғандықтан шетінеп ктееді. Онымен қатар, үнді дәрігерлері елдегі балалардың арасында семіздік індетінің кең тарап келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Семіздік дертіне шалдыққан балалардың қарасы жылдан жылға өсіп келеді – жыл сайын 5%-ға артып отыр. 2017 жылы артық салмақтан үнді балаларының 12%-ы зардап шеккенін анықталған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...