Бір ғана Дубай жылына 40 млн турист тартуды көздеп отыр
Бір ғана Дубай жылына 40 млн турист тартуды көздеп отыр
2 жыл бұрын 1148 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі және Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид әл Мақтым 2031 жылға қарай Дубайға 40 миллион турист тартуға мүмкіндік беретін жаңа ұлттық туристік стратегияның іске қосылғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Біз әлемдегі туристік бағыттардың алғашқы ондығына кіреміз, біздің мақсатымыз – бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру, туристік секторға 100 миллиард дирхам мөлшерінде қосымша инвестиция тарту және 2031 жылға қарай 40 миллион саяхатшыны тарту», деп мәлімдеді ол. Туризмді қолдау үшін 25 жаңа бастама мен жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, халықаралық компанияларды тарту үшін туризм, авиация және мейманхана секторларына инвестиция тарту ынталандырылады. Биыл Дубай қонақүйлері 12 миллионнан астам қонақты қарсы алған.

0 пікір
Мұрағат