|
Бір ғана араб елінде бір жылда 250 мыңнан аса жаңа компания ашылған
|
Өткен жылы (2025) Біріккен Араб Әмірлігінде 250 мыңнан аса компания тіркелген. Ал таяу он жылда жаңа компаниялар саны екі млиилионға жетуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде коммерциялық компаниялар туралы заңнамаға енгізілген түзетуге қатысты дұқаралық ақпарат құралдары үшін ұйымдастырылған брифингте сөз алған экономика эәне туризм министрі Абдалла бен Тук әл Марри келтірген дерекке жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министрдің айтуынша, бұл бағыттағы заң қабылданғаннан кейін 2021 жылғы қыркүйек айында БАӘ-ге 760 мыңға жуық компания тартылды. Осылайша елдегі тіркелген кәсіпорындардың жалпы санын 1,4 млн-ға дейін арттырды, бұл көрсеткіш 118,7% өсімге сәйкес келеді. Бұдан бөлек, бес жыл ішінде әмірліктерге тиесілі шағын және орта кәсіпорындар саны 63% -ға артты. Жаңа компаниялар көптеген жұмыс орындарын ашты, нәтижесінде Біріккен Араб Әмірліктерінің халқын бір жыл бұрынғы 11,02 млн-ға қарағанда 2025 жылдың соңына қарай 11,51 млн-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Министр «2025 жыл экономика мен туризм үшін ерекше жыл болды» деп атап өтті сөз арасында. Аталған араб елі аумағында 37794-ке жуық ұлттық және халықаралық тауар таңбалары тіркелген, ал төрт жыл ішінде олардың саны 74% -ға өсті. Сондай-ақ, 2025 жылы 3595 зияткерлік меншік нысаны тіркеліп, бұл тараптағы көрсеткіштің төрт жылда 124% -ға өскенін білдіреді. Туризмнің жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі төрт жыл ішінде екі еседен асты және өткен жылы 2021 жылғы 6% -ға қарағанда 15% -ға жетіп, 291 млрд дирхамды құрады.