|
Бір ғана араб елі биологиялық басқыншылықтан жылына 5 млрд доллардан аса шығын көріп келеді
|
Араб әлемі қуаң әрі құмды аймақта орналасқандықтан ауыл шаруашылығына жері жарамды араб елдерінің қарасы аз. Сол аз елдердің біріне Марокко жатады. Бұл жайында islam.kz порталы Scientific Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Географиялық орналасу орны өзге араб елдерімен салыстырғанда ауыл шаруашылығын дамытуға біршама қолайлы. Алайда, жаһандық жылынуға байланысты бұл елде құрғақшылықтан көз ашпай келеді. Бұл жайт ең алдымен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау секілді салаларға залалын тигізіп, зардабын тартқызып келеді. Бұдан бөлек, аталған араб елі жатжерлік, дәлірегі, өзге өңірге тән түрлерден жыл сайын кем дегенде 1,14, ары алғанда 5,13 млрд долларға дейін шығын көріп келеді. Бұл көрсеткіштерді есептеу үшін зерттеушілер инвазивті түрлерден келген әрі расталған жаһандық экономикалық шығындарды жинайтын InvaCost дерекқорына сүйенді. Сарапшылар бұл шығын көрсеткіші бұдан да жоғары боуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Әзірге ел аумағынан 343 инвазивті түр анықталған. Бұл бағыттағы зерттеу жаңа ортада тез таралып, экожүйеге, экономикаға немесе адам денсаулығына зиян келтіретін инвазивті бөгде текті түрлерге, бөтен текті өсімдіктерге немесе жануарларға бағытталған. Ғалымдар бұл зерттеуді Мароккодағы инвазивті бөтен текті түрлердің «әлеуетті экономикалық шығындарына» сандық баға беретін алғашқы терең талдау ретінде сипаттайды, сондай-ақ, олардың бүкіл ел бойынша таралу аумағын картаға түсіреді. Марокко аумағынан табылған 343 инвазивті бөгде түрлердің (олардың арасында өсімдіктер, жануарлар, т.б. бар) осы елдегі биологиялық әралуандылықтың 1%-нан асатынын анықтады. Алайда, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл түрлердің тек 39,9% -нан келген әлемдегі экономикалық шығындар туралы деректер бар, осыған байланысты нақты қаржылық шығын әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Марокконың ауыл шаруашылығы бөгде түрлерден неғұрлым зардап шеккен секторға айналып отыр. Марокко үшін қымбатқа түскен, яғни, шығын көп әкелген инвазивті түрлерге Phenacoccus madeirensis, Cydia pomonella (көпіршік треска) және Bemisia tabaci сияқты өсімдіктермен қоректенетін жәндіктер жатады, олардың барлығы жеміс шаруашылығына және дәнді дақылдарға қауіп төндіреді. Әсіресе, Cenchrus және Euphorbia тектерінің түрлері өнімділікті төмендетіп, жергілікті өсімдіктермен бәсекелесе отырып, елеулі зиян келтіруде. Бір ғана жәндік - Phenacoccus madeirensis осы елдің ауыл шаруашылығына 900 миллион долларға жуық шығын келтіреді. Ауыл шаруашылығынан басқа, бұл бағыттағы зерттеу бөгде түрлерден қоғамдық денсаулыққа байланысты едәуір шығынды да анықтап отыр, әсіресе, Азия жолбарыс масасы (Aedes albopictus) белгілі денге мен чикунгунья вирусын тасымалдаушысы болкандықтан жергілікті халықтың денсаулығына қауіп төндіреді. Қалалық және әлеуметтік инфрақұрылым да бөгде түрлерден зардап шегуде, әсіресе, қоңыр түсті егеуқұйрық (Rattus norvegicus) кабелдерге зақым келтіруде, ал балық аулау шаруашылығы мен тұшшы су экожүйелері кәдімгі тұқы балығы (Cyprinus carpio) сияқты түрлерден едәуір шығынға ұшырайды.