Бір елдің өзінде келесі жылы 1,15 млрд тонна көмір өндіріледі
Бір елдің өзінде келесі жылы 1,15 млрд тонна көмір өндіріледі
5 ай бұрын 760 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

CareEdge Advisory & Research сарапшылардың болжамы бойынша келесі жылы, дәлірегі, 2026 жылы Үндістан аумағындағы көмір өндірісі 1,15 млрд тоннаға жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Power ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. CareEdge Advisory & Research директорының орынбасары Ниту Сингх жаңа есебінде мұндай өсімді «саясаттың құрылымдық реформаларымен, шахталардағы жеделдетілген аукциондармен (бәссаудамен) және электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін көмір энергиясына деген сұраныстың өсуімен» байланыстырған. «Көмірдің ішкі өндірісі 1,15 млрд тоннаға жететінін және 26 қаржы жылында ішкі сұраныстың 83% -ын қанағаттандыратынын ескерсек, Үндістан көмірмен өзін-өзі қамтамасыз етуді едәуір ілгерілеуде», - деп толықтырды ол. 2025 қаржы жылында Үндістанда көмірдің ішкі өндірісі 1,0476 млрд тоннаға - рекордтық деңгейге жетіп, 2021 қаржы жылындағы 716,1 млн тоннадан (МТ) көп артты. Бұл ретте жылдық жиынтық өсу қарқыны (CAGR) шамамен соңғы бес жылда 10%-ды құрады. Сонымен қатар, көмірді жалпы тұтыну мөлшері 2021 жылғы 922,2 млн тоннадан 2025 қаржы жылында 1270,0 млн тоннаға дейін ұлғайған. Бұл шама орташа жылдық өсу қарқынының шамамен 8,3%-ға жеткенін көрсетеді. "Бұл өсім өнеркәсіптік, коммерциялық және ауыл секторларында электр энергиясына сұраныстың өсуімен, сондай-ақ, кейбір өңірлерде жаңғыртпалы энергия көздерін игерудегі кідірістермен байланысты. Энергетикалық сектор бұрынғысынша отандық көмірді ең ірі тұтынушы болып отыр, оның үлесіне 2025 қаржы жылында жалпы көлемі 1 270 тонна, яғнии, 82% -ы тиесілі ", - деп айтылған CareEdge хабарламасында.

0 пікір
Мұрағат