|
Бір елдің өзінде жыл сайын шылым шегуден 100 мыңнан аса адам қаза табады
|
Вьетнамныі денсаулық сақтау министрлігінің келтірген есебіне қарағанда, жыл сайын темекі өнімдері 100 мыңнан аса ел тұрғынының түбіне жетеді. Ал жыл сайынңы денсаулық сақтау саласына келетін экономикалық шығын шамамен 108 трлн донгке (вьетнамның ұлттық валютасының осы мөлшерн америкалық ақшаға шаққанда 4,2 млрд доллар) жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрамында 7000-нан астам химикат және кемінде 70 канцероген кездесетін темекі түтіні өкпе обырының, жүрек-қан тамыры ауруларының және бедеуліктің басты себептерінің бірі болып қала береді. Жасөспірімдер арасында электронды сигареттерді тұтыну деңгейінің артуы да ерте қаза табудың негізгі факторларының біріне айналып келеді. Соның ішінде мыңдаған жас пациент электронды темекіден уланғандықтан ауруханаға жатқызылды. Әсіресе, электронды сигареттен өкпенің ауыр зақымдануы құрамыда есірткісі бар өнімдермен байланысты орын алуда.