Бір елдің өзінде биыл жарты млн-нан аса адам жемқорлықпен айыпталды
|
Қытайда жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес науқаны аясында 589 мың адам тұтқындалып қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл жайында islam.kz порталы мұндай қылмысты ауыр санатқа жатқызатын әрі жазасы да барынша қатаң Қытпайдың тәртіпке шақыру жөніндегі орталық комиссиясының ресми сайтына (ccdi.gov.cn) жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республика бойынша тәртіптік тексеру және қадағалау органдарына 2,703 млн хат пен хабарлама келіп түсті, соның ішінде 756 мың хабарлама мен шағым келіп түсті. (...) Прокуратураға қосымша тергеу жүргізу үшін барлығы 2972 іс жолданды», - делінген хабарламада. «Жазаланғандардың» ішінде облыстық және министрлік деңгейлеріндегі 53 қызметкер, ведомстволар мен бюролардың 2,7 мыңнан астам қызметкері, ауыл және аудандық деңгейдегі 74 мың лауазымды тұлғалар болды. Ату жазасы да жемқорлық пен парақорлыққа тоқтау сала алмай отыр.